4 күн бұрын
Бубликтің Мец турниріндегі қарсыласы анықталды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Мец қаласында өтетін ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді. «Мастерс» жартылай финалындағы жеңілістен кейін ол енді жаңа сынаққа дайындалуда.
Турнирдің екінші айналымында Бублик украиналық Виталий Сачкомен кездеседі. Бұл — күтпеген қарсылас, себебі Сачко негізгі турнирге лаки-лузер ретінде жолдама алған. Алайда ол алғашқы айналымда сенсациялық нәтиже көрсетіп, франциялық Джованни Мпетши Перрикарды екі сетте ұтты. Бірінші сет тартысты тай-брейкпен аяқталып, 12:10 есебімен украиналық теннисші жеңіске жетті, ал екінші сетте 6:3 есебімен үстем болды.
Александр Бублик пен Виталий Сачко арасындағы матч 5 қараша күні өтеді. Кездесудің басталуы шамамен Астана уақытымен 15:00-де жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас