3 күн бұрын
Елена Рыбакинаның қорытынды турниріндегі қарсыласы ауысып кетті
Әлемдік рейтингте жетінші орында тұрған америкалық теннисші Мэдисон Киз вирустық ауруға байланысты 2025 жылғы WTA маусымдық қорытынды турнирінен (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы) бас тартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол топтық кезеңнің шешуші ойынында Рыбакинамен кездесуі керек еді. Әйтсе де Киз бұған дейінгі 2 ойында жеңіліс тапқандықтан, теориялық тұрғыдан жартылай финалға шығу құқығынан айырылған еді.
Оның орнын турнирде екінші қосалқы ойыншы - әлемдік рейтингте оныншы орында тұрған ресейлік Екатерина Александрова басады. Ал бірінші қосалқы ойыншы, рейтингте тоғызыншы орында тұрған Мирра Андреева да денсаулығына байланысты қатысудан бас тартты.
Айта кетейік, Елена Рыбакина мерзімінен бұрын жартылай финалға бірінші орынмен өтіп қойды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов