Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізді

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Осыған дейін америкалық Аманда Анисимова мен Польша өкілі Ига Швентекті ұтқан қазақстандық теннисші Серена Уильямс тобынан жартылай финалға бірінші орынмен жолдама алған еді. 

Елена Рыбакина үшінші бәсекесін әлемнің 7-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен өткізуі керек еді. Алайда бұған дейін екі ойынында жеңіліс тапқан Киз ауырып қалуына байланысты матчтан бас тартты. Оның орнына кортқа әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова шықты. Матч 6:4, 6:4 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас