2 күн бұрын
Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Ислам ойындарының финалына шықты
Қазақстандық теннисші Кирилл Герасименко Ар-Риядта өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жекелей сындағы жартылай финалдық сайыста Кирилл алжирлік Болоусо Мехдиді 4:0 есебімен сенімді жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін ол 1/32 кезеңде Мохаммад Хоссейниді (Ауғанстан) 4:1 есебімен ұтса, 1/16 айналымда Бахрейн спортшысы Мохамед Салехтен басым түсіп, ширек финалда Сауд Арабиясының өкілі Абдулазиз Шулаубиді артта қалдырды.
Енді отандасымыз алтын медаль үшін мысырлық Омар Мохамди Ассармен кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов