1 күн бұрын
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев жартылай финалда
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP рейтингінде 400-орын) Шарм-эль-Шейхте (Египет) өтіп жатқан турнирдің жалғыздық разряды бойынша ширек финалына шықты.
1/8 финалда Евсеев бельгиялық Ромен Факонмен (1058-орын) кездесті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетте күтпеген түрде 2:6 есебімен ұтылды, алайда екінші сетте 7:5 есебімен реванш алды. Үшінші сетте Евсеев 2:1 есебімен алға шыққан кезде қарсыласы жарыстан шықты.
Енді Денис Евсеев ширек финалда ресейлік теннисші Сергей Петровпен (рейтингі жоқ) кездеседі. Петров 1/8 финалда итальяндық Леонардо Россиді (745-орын) 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас