1 күн бұрын
Елена Рыбакина әлемдік теннистің элиталық клубына енді
Австралиялық теннисші Ник Кирьостың бұрынғы бапкері Саймон Ри Қазақстанның бесінші ракеткасы Елена Рыбакинаға Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA финалындағы ойынынан қатты әсер алғанын айтты.
Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы белоруссиялық Арина Соболенконы екі сетте жеңді — 6:3, 7:6(0).
Саймон Ридің айтуынша, Рыбакина финалда қарсыласына өз ойынын дәл енгізе алған ерекше ойыншылардың бірі болды:
- Ол 13 эйс орындап, қарсыласына өз сервисінде бір ғана ойын бермеді;
- Екінші подачалардан 75% ұпай жинады — бұл көрсеткіш өте ерекше, себебі 50% — тамаша нәтиже болып саналады;
- Дүниежүзілік рейтингтің бірінші нөміріндегі қарсыластарына қарсы матчтарда оның есебі 8 жеңіс, 6 жеңіліс болды.
Тарихта тек екі теннисші — Штеффи Граф және Серена Уильямс — бірінші нөмірдегі қарсыластарына қарсы оң баланс сақтаған. Осылайша, Рыбакина элиталық клубқа енді.
«Оның әлеуеті өте жоғары. Пикте болған кезде ол қарсыласын толықтай басқара алады және әр ойыншыға барын салу қажет», — деді Саймон Ри Australian Open TV подкастында.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас