1 күн бұрын
19 жастағы Жиенбаева ITF W50 жартылай финалында
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен жұптасып, АҚШ-тың Остин қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық разряды бойынша жартылай финалға шықты.
1/4 финалда Жиенбаева мен Бродус ресейлік жұп Анастасия Гурьева / Екатерина Хайрутдинованы 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Келесі раундта қазақстандық-америкалық дуэт венесуэлалық София Домингез бен америкалық Эрин Каэтано жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, 19 жастағы Соня Жиенбаева бұған дейін жеке разрядта ITF турнирінен екі титул жеңіп алған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас