Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан Ислам ойындарында қай орында келе жатыр?

Қазақстан Ислам ойындарында қай орында келе жатыр?

Sport12.kz сайты Сауд Арабиясының астанасы Ар-Рияд қаласында VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарының алтыншы жарыс күнінің нәтижесін ұсынады.

Бұл жарыс күні де Қазақстан құрамасы үшін табысты болды. Алдымен муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан ақтық сайысқа өтіп, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды.

Одан кейін гандболдан аруларымыз жарысты жеңіспен бастады. Олар топтық кезеңнің (B тобы) алғашқы матчында Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді.

Күннің нүктесін үстел теннисінен Ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко қойды. Жекелей сында бақ сынаған отандасымыз өзінің мысырлық басты қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Оның жеңісі Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте үздік үштікке кіруіне мүмкіндік берді.

Алты жарыс күнінің қорытындысы бойынша медаль кестесі төмендегідей:

1. Түркия - 54 алтын, 26 күміс, 17 қола

2. Өзбекстан - 15 алтын, 17 күміс, 14 қола

3. Қазақстан - 10 алтын, 12 күміс, 13 қола

4. Иран - 10 алтын, 8 күміс, 17 қола

5. Мысыр - 10 алтын, 7 күміс, 12 қола

Байрақты бәсекенің бүгінгі күнінде Қазақстан намысын екі спортшы қорғайтын болады. 60 кг салмақтағы Тұрар Дүйсехан муай-тайдан финалдық жекпе-жекте алтын үшін айқасады. Ал 70 кг салмақтағы Рафхат Зерипов ушудың 1/16 айналымында бақ сынайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас