3 күн бұрын
ATP-2025 қорытынды турнирінің финалистері анықталды
Алты мәрте «Үлкен шлем» жеңімпазы, әлемнің бірінші ракеткасы испан теннисшысы Карлос Алькарас Италияның Турин қаласында өтіп жатқан ATP-2025 қорытынды турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда ол рейтингте сегізінші орын алған канадалық Феликс Оже-Альяссиманы 6:2, 6:4 есебімен сенімді жеңді. Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Алькарас бес эйс соғып, бір екі доптық қатесін жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Оже-Альяссиманың еншісінде бес эйс, бір екі доптық қате және бір брейк-пойнт бар.
ATP қорытынды турнирінде алғашқы титулын жеңіп алу үшін Карлос Алькарас төрт мәрте «Үлкен шлем» жеңімпазы, әлемнің екінші ракеткасы итальяндық Янник Синнермен кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас