2 күн бұрын
Янник Синнер – ATP маусымдық финалының екі дүркін чемпионы
Итальян теннисші Янник Синнер қатарынан екінші жыл ATP маусымдық финалының чемпионы атанды. Туринде өткен 2025 жылғы шешуші матчта әлемнің екінші ракеткасы рейтинг көшбасшысы Карлос Алькарассты 7:6 (7:4), 7:5 есебімен жеңді. Қарсыласу 2 сағат 15 минутқа созылды.
Финал өте тартысты өтті. Синнер сегіз эйс орындап, бес қос қателік жіберді және бір брейк-пойнтты тиімді пайдаланды. Ал Алькарас бес эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол бермеді және үш мүмкіндіктің біреуін жүзеге асыра алды. Дегенмен шешуші сәттерде италиялық спортшы дәлдігімен басым түсті.
Бұл жеңіс Синнердің биылғы маусымдағы алтыншы, ал кәсіби мансабындағы 24-ші титулы болды. 2025 жылы ол Париж, Пекин, Вена турнирлерінде, сондай-ақ Уимблдон мен Australian Open турнирлерінде топ жарған. Маусымдық финалда Синнер бірде-бір матчта жеңілмей, жалпы 5,071 млн доллар табыс тапты. Оның маусым қорытындысындағы жүлде қоры 19,12 млн долларға жетті.
Осылайша Синнер ATP маусымдық финалында қатарынан екі рет жеңіске жеткен тарихтағы тоғызыншы теннисші атанды. Бұған дейін мұндай нәтижеге Илие Настасе, Бьорн Борг, Иван Лендл, Джон Макинрой, Пит Сампрас, Ллейтон Хьюитт, Роджер Федерер және Новак Джокович қол жеткізген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас