17 сағат бұрын
Александр Бублик 2025 жылғы маусымды рекордтық табыспен аяқтады
Қазақстандық теннисші Александр Бублик 2025 жылғы маусымды өз карьерасындағы ең жоғары қаржылық көрсеткішпен жапты.
ATP-ның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Бублик биылғы маусымда 2 905 991 доллар (шамамен 1,5 млрд теңге) көлемінде жүлде қаржысына ие болған. Бұл – оның жеке рекорды. Ал кәсіби мансабындағы жалпы табысы 10 646 354 долларға (шамамен 5,5 млрд теңге) жетті.
Маусым қорытындысы бойынша Бублик ATP рейтингінде 11-орынға көтерілді. Бұл көрсеткіш – оның карьерасындағы ең жоғары позиция.
2025 жылы Александр Бублик төрт турнирде жеңімпаз атанды, ал жалпы карьерасында сегіз титул иеленген.
Айта кетейік, Бублик Қазақстан азаматтығын 2016 жылдың қарашасында алған. Бұған дейін ол Ресей атынан өнер көрсетті.

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас