9 сағат бұрын
Қазақстанның жас теннисшілері үздіктерді анықтайды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Астана қаласындағы Beeline Arena теннис орталығының корттарында 24-28 қарашада кіші жас санатындағылар арасында маусымның басты оқиғасы – 10 жасқа дейінгі ойыншылардың қорытынды турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оған жыл бойы бүкіл ел бойынша 10 жасқа дейінгілер арасында мастерс жарыстарында ең тұрақты нәтиже көрсеткен үздік 8 ұл, 8 қыз бала қатысады.
Осы жарыстың аналогы ретінде кәсібилер арасында жыл соңында әлемнің үздік теннисшілері кездесетін ATP және WTA қорытынды турнирлерін айтуға болады. Енді жас қазақстандықтар да маусымның нағыз финалдық сәттерін сезіну мүмкіндігін алады.
Ұлдар
Негізгі топ:
Марк Бондарев — Қарағанды
Арсений Горбач — Қарағанды
Әліби Сапар — Астана
Марсель Шобидинов — Алматы
Әміре Хамитов — Астана
Расул Тлеоф — Астана
Артем Пахомов — Петропавл
Николай Аникаев — Астана
Қосалқы ойыншы:
Бекзат Жантасов — Астана
Қыздар
Негізгі топ:
Варвара Панчеха — Лисаковск
Аружан Қауменова — Астана
София Подлесная — Астана
Нұрайлин Есенали — Алматы
Алана Шаяхметова — Қарағанды
Полина Дитц — Алматы
Амелия Ким — Алматы
Анаис-Ханум Азат — Астана
Қосалқы ойыншылар:
София Жулушева — Алматы
Айзия Қуандық — Астана
Ұйымдастырушылар атап өткеніндей, бұл турнир балалар теннисі мерекесі ғана емес, сонымен қатар жас спортшылардың шеберлігін ұштаудағы маңызды қадам болмақ. Қатысушыларды тартысты матчтар, жарқын көңіл-күй, марапаттар және, әрине, теннистің ұмытылмас сәттері күтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас