Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Соня Жиенбаева ITF W50 турнирінде үздік шықты

Соня Жиенбаева ITF W50 турнирінде үздік шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Sport12.kz

Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге фавориттер қатарында болмаса да, барлық төрт кездесуін жеңіспен аяқтады.

Жиенбаева — Бродус финалда жарыстың 1-ракеткалары, америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп 4:0, 5:1 есебімен алға кетті. Бұдан кейін корт иелері есепті сәл қысқартқанымен, Жиенбаева — Бродус сетті тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Соня — Саванна брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3.

Чемпиондық матч 1 сағаттан астам уақытқа созылды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас