3 күн бұрын
Аружан Сагандыкова ITF турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Аружан Сагандыкова ITF W15 турнирінде Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында сәтті өнер көрсетті.
Бірінші айналымда (1/16 финал) Сагандыкова Нидерланды өкілі Рикке де Конингпен кездесті. Қазақстандық спортшы үш сетте 6:2, 2:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Енді екінші айналымда Аружан Италия өкілі Маддалена Джорданоға қарсы ойнайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас