2 күн бұрын
Зарина Дияс ширек финалда Сакацумеге есе жіберді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF W100 санатындағы турнирдегі жолын ширек финалда аяқтады. Үшінші кезеңдегі матчта ол жергілікті спортшы Химено Сакацумеге қарсы кортқа шығып, екі сетте де жеңілді — 2:6, 2:6.
Матч 1 сағат 7 минутқа созылды. Дияс өз подачасын жеті рет жоғалтып, тек үш брейкпен жауап бере алды.
Айта кетейік, Зарина Дияс WTA рейтингінде 297-орында, ал Сакацуме — 181-орында. Бұл – олардың екінші кездесуі, және есеп енді 2:0 болып, жапон теннисшісінің пайдасына өзгерді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас