22.02.2025
Александр Усик келесі жекпе-жегін кіммен өткізгісі келетінін айтты
Украиналық боксшы, аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.
«Мен Дюбуамен жекпе-жек өткізгім келеді», - деді Усик DAZN Boxing-ке берген сұхбатында.
Британиялық Дэниел Дюбуа 22 ақпанда австралиялық Джозеф Паркермен кездесуі керек еді. Бірақ денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты.
2023 жылы Александр Усик Дэниель Дюбуаны тоғызыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов