23.02.2025
Серхио Рамос жаңа клубындағы алғашқы матчын өткізді
Фото: «Монтеррей» ФК
Серхио Рамос «Монтеррей» клубының жейдесіндегі алғашқы матчын өткізді.
«Монтеррей» бүгін Мексиканың МХ лигасының 8-туры аясында өз алаңында «Атлетико Сан-Луис» командасын 3:1 есебімен жеңді.
Испаниялық футболшы ойынды негізгі құрамнан бастап, 80-ші минутта алаңдағы орнын әріптесі Тони Леонеге босатты.
Flashscore порталы 38 жасар орталық қорғаушының ойынын 7.5 ұпайға бағалады.
Еске салсақ, Серхио Рамос мексикалық клубпен осы жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи