1 күн бұрын
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалына шықты

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелос қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің финалына шықты.
Жарыстың жартылай финалында Дмитрий Попко (АТР: 175) канадалық теннисші Алексис Галарноны (АТР: 162) тізе бүктірді.
Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко 6 эйс пен 3 брейк жасап, қос қателікке еш бой алдырмады. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:2; 7:5) есебімен басым түсті.
Енді Дмитрий ақтық кездесуде швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен (АТР: 168) шын мықтыны анықтайды. Чемпиондық атақ сарапқа салынатын матч бүгін, 6 сәуір түнгі сағат 02:00-ге жоспарланған.
Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 100 мың долларды құрайды.
