Матч орталығы
Пекин мужчины Теннис Александр Зверев Александр Зверев 1:2 Аяқталды Новак Джокович Новак Джокович Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол ЦСКА ЦСКА 3:1 Аяқталды Арсенал Арсенал Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Комор аралдары Комор аралдары 0:1 Аяқталды Сенегал Сенегал УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Әзербайжан Әзербайжан 1:0 Аяқталды Литва Литва КХЛ Хоккей Спартак Спартак 3:4 Пенальтиден соң Барыс Барыс Хорватия кубогы Футбол Вуковар 91 Вуковар 91 0:4 Аяқталды Динамо Динамо Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Зенит Зенит 1:0 Аяқталды БАТЭ БАТЭ УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Мальта Мальта 1:0 Аяқталды Андорра Андорра УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Косово Косово 1:1 Аяқталды Аустрия Аустрия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Марокко Марокко 1:1 Аяқталды Мали Мали Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Египет Египет 0:1 Аяқталды ОАР ОАР УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грекия Грекия 0:0 Аяқталды Германия Германия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Нидерланд Нидерланд 2:1 Аяқталды Сербия Сербия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Ирландия Ирландия 1:1 Аяқталды Израиль Израиль УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Уэльс Уэльс 0:1 Аяқталды Дания Дания УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Португалия Португалия 2:1 Аяқталды Норвегия Норвегия Сегунда Футбол Жирона Жирона 0:0 Аяқталды Мальорка Мальорка Челленджер Унин 3 Теннис Алибек Качмазов Алибек Качмазов 07:00 Бүгін Григорий Ломакин Григорий Ломакин Шанхай мужчины Теннис Тимофей Скатов Тимофей Скатов 10:10 Бүгін Стефанос Сакелларидис Стефанос Сакелларидис Челленджер Унин 3 Теннис Бейбіт Жұқаев Бейбіт Жұқаев 11:00 Бүгін Ярослав Демин Ярослав Демин

07.04.2025

Ауыр атлетика: жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынa кім қатысады?

Ауыр атлетика: жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынa кім қатысады?

Жер жаһанның ең мықты жас әрі жалынды зілтеміршілерін анықтайтын жарыста қазақ елінің намысын Едіге Егемберді мен Ерасыл Сәулебеков қорғайды. Екеуі де 81 кг салмақ дәрежесінде сынға түседі. Астанада туып-өскен Едіге жергілікті бапкер Айбек Аманиязовтың қол астында жаттығады. Қазақтың аса дарынды зілтеміршісі бұған дейін жастардың әлемдік додасында үш рет дара шықты. Соңғы рет былтыр Испанияның Леон қаласында 89 кг салмақта күш сынасты. Барлық алты мүмкіндігінде мүлт кетпеген ол басты қарсыластары ирандық Әлиреза Абаспур мен колумбиялық Джоксер Альборносты артқа тастап, бас жүлдені қанжығасына байлады. Пиреней түбегінде Егемберді 352 (153+199) кило салмақты еркін еңсерді. Сондай-ақ, ол құрлық біріншілігінде де алдына жан салмады. Егер Едіге осы жолы да топ жарып жатса, онда өзінің туған күніне үлкен сый жасамақ. Өйткені, дәл сол жарыс аяқталатын күні аталған Егембердінің немересі 20 жасқа толады.

Ерасыл Сәулебековтің де есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Былтыр ол дәл сол Испанияда әлем чемпионатының қола медалін мойнында жарқыратты. Сонымен қатар, Сыр бойының сайыпқыраны 2022 жылы Мексикада және 2023 жылы Албанияда өткен жасөспірімдердің дүниежүзілік додасында бас жүлдені олжалады. Осы жайттардың өзі-ақ Лимадағы жарыста Ерасылдың да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуге жақсы мүмкіндігі бар екенін айғақтап тұр.  

Ал жасөспірімдердің әлем біріншілігінде қызылордалық Бейбарыс Ерсейіт (61 кг) пен Ернұр Мырзахмет (81 кг), Алматы облысының өкілі Ксения Прозорова (61 кг), ақмолалық Кира Данилова (81 кг) және алматылық Махамбет Алпысбай (102 кг) өнер көрсетеді.



Біздің серіктес: Sport12kz