10 сағат бұрын

Испаниядағы сенсация: Александр Бублик әлемнің 8-ші ракеткасын жолдан тайдырды

Испаниядағы сенсация: Александр Бублик әлемнің 8-ші ракеткасын жолдан тайдырды

Фото: ubitennis

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан Mutus Madrid Open ATP Masters 1000 турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстағы үшінші матчында Александр Бублик (АТР: 75) айқын фаворит саналған ресейлік теннисші Андрей Рублевты (АТР: 8) тізе бүктірді.

Грунт кордында өткен қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 12 эйс пен 2 брейк жасап, 6 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (6:4; 0:6; 6:4) есебімен басым түсті.

Енді Бублик келесі кезеңде Бен Шелтон (АТР: 13) – Якуб Меншик (ATP: 23) жұбының жеңімпазымен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 8 055 385 долларды құрайды. Ал Бублик төртінші айналымға іркілмей өткені үшін 100 рейтингтік ұпай мен 90 445 еуро сыйақыға ие болды.

«Ливерпуль» - Англия чемпионы

Футбол 4 сағат бұрын

«Ливерпуль» - Англия чемпионы

«Қызылжар» екі рет қатарынан жеңіске жетті

Футбол 5 сағат бұрын

«Қызылжар» екі рет қатарынан жеңіске жетті

Алтыншы тур: Көшбасшылар жеңісті жолын жалғастырды

Футбол 5 сағат бұрын

Алтыншы тур: Көшбасшылар жеңісті жолын жалғастырды

«Жетісу» волейболшылары алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарды

Басқа 6 сағат бұрын

«Жетісу» волейболшылары алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарды

ҚПЛ: «Қайрат» Алматыда «Тобылдан» басым түсті

Футбол 8 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» Алматыда «Тобылдан» басым түсті

ҚПЛ: «Ордабасы» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

Футбол 8 сағат бұрын

ҚПЛ: «Ордабасы» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті