27.04.2025

ҚПЛ: «Ордабасы» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

ҚПЛ: «Ордабасы» қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті

Фото: nur.kz

Шымкенттік «Ордабасы» футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында қатарынан екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Шымкенттік команда алтыншы турда өз алаңында түркістандық «Тұранды» қабылдаған еді. 

Биылғы біріншілікті олар сәтсіз бастады, Алғашқы төрт турда жеңіске жете алған жоқ. Салдарынан соңғы орындардың бірін місе тұтты. Өткен турда «Жетісуды» жеңген олар бұл турда да үш ұпай олжалауға күш салды. 

Кездесу барысында шымкенттік клуб сапынан Мораэс Эвертон 44-минутта мергендік танытты. 

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде сегіз ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.

Бүгін тағы бір кездесуде петропавлдық «Қызылжар» қызылордалық «Қайсарды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. 

Дәл қазір «Қайрат» (Алматы) пен «Тобыл» (Қостанай) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды. Әзірге алматылық клуб 1:0 есебімен басым түсіп жатыр.

Сондай-ақ 26 сәуірде «Астана» «Атыраудан» 2:1, «Ақтөбе» жезқазғандық «Ұлытаудан» 1:0, семейлік «Елімай» талдықорғандық «Жетісудан» 3:0 есебімен басым түссе, «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Жеңіс» (Астана) 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Семейде жаңа стадион 22 мың адамды қабылдайды

Футбол 3 минут бұрын

Семейде жаңа стадион 22 мың адамды қабылдайды

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Басқа 24 минут бұрын

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Канело – Кроуфорд жекпе-жегінің күні ауысты

Бокс 1 сағат бұрын

Канело – Кроуфорд жекпе-жегінің күні ауысты

Украина футболшысы «Қайрат» клубына қарсы ойнағаны үшін сотталуы мүмкін

Футбол 2 сағат бұрын

Украина футболшысы «Қайрат» клубына қарсы ойнағаны үшін сотталуы мүмкін

«Атырау» клубы легионерлерімен қоштасты

Футбол 2 сағат бұрын

«Атырау» клубы легионерлерімен қоштасты

Гимнасшы Айбота Ертайқызы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Басқа 3 сағат бұрын

Гимнасшы Айбота Ертайқызы - Азия чемпионатының қола жүлдегері