11 сағат бұрын
Зарина Дияс Жапониядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: instagram / zarinadiyas
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан ITF W50 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың 1/4 финалында Зарина (WTA: 318) жергілікті Момоко Кобориді (WTA: 199) қапы қалдырды.
Хард кортта өткен кездесу бар болғаны 59 минутта тәмам болды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (6:3; 6:1) есебімен басым түсті.
Енді Зарина финалдық жолдаманы Қытай теннисшісі Мейлин Ванмен (WTA: 336) сарапқа салды.
Айта кетейік, 18 мамырға дейін жалғасатын дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 40 000 долларды құрайды.
