5 сағат бұрын
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазірге дейін аталған қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді құрамада бас бапкердің кеңесшісі ретінде еңбек етедіі. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы әлем чемпионатында 1 күміс медаль (Ержет Жарлықасын) жеңіп алған еді.
Жаңа бапкер қазірге дейін 20 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы болды. Оның бас бапкер қызметіндегі алғашқы ресми халықаралық жарысын 17-20 шілде аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін рейтингтік турнирде бастайды.
