13 сағат бұрын
Еркін күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 7 медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Вьетнамның Вунгтау қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Құрлықтық додада қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Үндістаннан кейін екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.
Ел құрамасынан Маис Алиев (70 келі) чемпион атағын жеңіп алды.
Күміс медальға Мерей Базарбаев (61 келі), Елнар Шілдебай (86 келі), Нұрдәулет Бекенов (97 келі) ие болса, Нұрдәулет Сейілбеков (74 келі), Асхаб Хаджиев (79 келі), Әлімжан Сәлімжан (125 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Биыл құрлықтық додаға еркін күрес бойынша 13 мемлекеттен 80 спортшы қатысты.
Әділжан Үмбет.
