3 күн бұрын
Демеу Жадыраев Германия Гран-приінде үздік шықты

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев 2025 жылғы маусымды жеңіспен бастады. 35 жастағы балуан Дортмунд қаласында өткен Германия Гран-приі турнирінде 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.
Финалда Жадыраев венгриялық Роберт Фричті айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Үшінші орынға ресейлік Исмаил Барахоев пен украиналық Артур Политаев жайғасты.
Айта кетейік, 2024 жылы Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында сенсациялық өнер көрсетіп, күміс жүлдені еншілеген еді. Финалда ол жапониялық Нао Кусакаға есе жіберген болатын.
