30.10.2025
Жасөспірімдер Азиадасы: қазақстандық балуандар 9 медаль алды
Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қазақстандық балуандар III жасөспірімдер Азия ойындарын 9 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өткен III жасөспірімдер Азия ойындарында сегіз медаль - бір алтын, екі күміс және алты қола жүлде еншілеп, жарысты сәтті аяқтады.
Алтын медальді команда қоржынына Асамбек Бекасыл (60 кг дейін) салды. Оның жеңісі еліміз үшін ең маңызды жетістіктердің бірі болды.
Күміс жүлдені әйелдер құрамасының өкілдері Жайдар Мұқат (61 кг) пен Сания Солтанғали (53 кг) иеленді.
Қола медаль иегерлері:
Бақдәулет Ағабек (45 кг дейін),
Сабыржан Рахатов (48 кг дейін),
Ибрахим Ысқақбек (55 кг дейін),
Ералы Әскербек (65 кг дейін),
Нұрайым Саяхмет (69 кг дейін),
Нұртай Наров (71 кг дейін).
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас