Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді

Фото: Қазақстан ҰОК

Алматы қаласында 30 қараша-6 желтоқсан аралығында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Чемпионатының бағдарламасы 1-қосымшада берілген.

Команданың сандық құрамы: әр күрес түрінен 15 спортшы, 5 жаттықтырушы, 2 төреші.

Айта кетерлігі, 3 спортшыны ұсынуға тек үш салмақ дәрежесінде ғана рұқсат етіледі. Қалған салмақ дәрежесінде 2 спортшыдан артық жіберуге болмайды.

Команда құрамындағы төрешілердің ҚР Чемпионатында кемінде 4 күн төрешілік етуі қажет.

ҚР Чемпионатына ата-анасының және дәрігердің жазбаша рұқсатымен 18 жастан бастап ересек ерлер және 17 жастан бастап ересек әйелдер келесі салмақ дәрежелері бойынша қатыса алады:

Грек-рим күресі: 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97, 130 кг

Еркін күрес: 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97, 125 кг

Әйелдер күресі: 50, 53, 55, 57, 59, 62, 65, 68, 72, 76 кг.

Спортшылар жарысқа таза салмақпен қатысады.

ҚР чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың құрама командалары ғана қатыса алады. Дүбірлі додаға міндетті түрде күрес түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі спорт төрешілері қатысуы тиіс.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас