Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Маржан Бизақ пен Ниетхан Төлеухан самбодан әлем чемпионы атанды

Маржан Бизақ пен Ниетхан Төлеухан самбодан әлем чемпионы атанды

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бүгін жауынгерлік самбодан әйелдер арасында Маржан Бизақ қарсылас шақ келтірген жоқ. Отандасымыз 59 кг дейінгі салмақтың финалында Беларусь өкілінен басым түсті.

Осыдан кейін Ниетхан Төлеухан 71 кг дейінгі салмақтың (жауынгерлік самбо) финалында Түркменстан спортшысын ұтып, үздік шықты. 

Алтын үшін айқасқан тағы бір самбошымыз Ұлболсын Әділова (-80 кг) тартысты финалда украиналық қарсыласына есе жіберді. Бүгін сынға түскен Жандос Бейсенбаев (-64 кг, спорттық самбо) қола медаль еншіледі. 

Айта кетейік, кеше чемпионаттың алғашқы күні Арнұр Қуатай (-71 кг) мен Маргарита Бажаева (-50 кг) спорттық самбодан қола жүлдеге ие болған. Қазір Қазақстанда 2 алтын, 1 күміс, 3 қола болды. Былтыр Астана қаласында өткен әлем чемпионатында Ұлттық құрама 3 алтынға қол жеткізген. 

Бішкектегі әлем чемпионаты ертең, 9 қарашада мәресіне жетеді. Биыл 70 елден жиналған 466 самбошы күш сынасып жатыр.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас