5 күн бұрын
Зейнеп Баянова Ислам ойындарының чемпионын жеңді
Күрес түрлерінен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында әйелдер бәсекесі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
55 келідегі Зейнеп Баянова ширек финалда Ислам ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері Зейнеп Йетгилмен (Түркия) тартысты белдесу өткізіп, 11:8 есебімен басым түсті.
Зейнеп Баянова 2025 жылы ересектер арасында және U23 санатындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов