5 күн бұрын
Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ойындары жарысында джиу-джитсудан алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мариан Журавлева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында чемпион атанды.
Спортшы 70 келіге дейінгі салмақта өткен жарыста топ жарды. Бұл салмақта турнир шеңберлік жүйе бойынша ұйымдастырылды.
Журавлева үш кездесу өткізді және үшеуінде де жеңіске жетті. Ол:
- Мароккодан келген Ясмин Арбиб,
- Палестина спортшысы Дания Убайд,
- Иран өкілі Хасти Хаммудиден басым түсті.
Осылайша, Мариан Журавлева Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас