3 күн бұрын
Қазақстандық балуан Сурдлимпиялық ойындардың чемпионы атанды
Қазақстандық балуан Андрей Самарин Токиода өтіп жатқан Сурдлимпиялық ойындардың чемпионы атанып, грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
Алматы облысына қарасты Қарғалы ауылынан шыққан 21 жастағы спортшы тартысты өткен финалда Иран өкілі Мехди Бакшиді 10:8 есебімен ұтты.
Финалға дейін Самарин барынша сенімді өнер көрсетті:
• алдын ала айналымда Қырғызстан балуаны Дінмұхамед Бигельдиевті — 5:2 есебімен жеңді;
• ширек финалда болгариялық Дилян Димитровты — 8:0 есебімен ойсырата ұтты;
• жартылай финалда армениялық Жора Григоряннан — 8:0 есебімен басым түсті.
Самарин бұған дейін 2023 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы және 2024 жылғы X Азия–Тынық мұхиты ойындарының чемпионы болған.
Оның жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының Токиодағы Сурдлимпиялық ойындардағы жалпы қоржыны 14 жүлдеге жетті:
7 алтын, 2 күміс және 5 қола.
Сурдлимпиялық ойындар 15–26 қараша аралығында Токиода өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 81 елден шамамен 3000 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан 8 спорт түрі бойынша 78 атлет бақ сынауда.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас