3 сағат бұрын
Азия чемпионаты: Күрес түрлерінен кімдер сынға түседі?

Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы
Иордания астанасы Амман қаласында өтетін күрес түрлерінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Құрлықтық дода 25-30 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Ел құрамасы еркін, грек-рим және әйелдер күресінен сынға түседі.
Еркін күрестен Рахат Қалжан (57 келі), Балғабай Мұхамед (61 келі), Нұрсұлтан Садық (65 келі), Начын Куулар (70 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Дәулет Ергеш (79 келі), Болат Сақаев (86 келі), Азамат Дәулетбеков (92 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі) және Нұрсұлтан Азов (125 келі) сынды балуандарға сенім артамыз.
Ал грек-рим күресінен Ербол Камалиев (55 келі), Қабдыл Бақытжан (60 келі), Әсетұлы Сұлтан (63 келі), Мейіржан Шермағанбет (67 келі), Әділхан Сатаев (72 келі), Ибрагим Магомадов (77 келі), Омар Сатаев (82 келі), Шамиль Ожаев (87 келі) Ілияс Гучигов (97 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) ел намысын қорғайды.
Сондай-ақ әйелдер күресінен Светлана Анкичева (50 келі), Зейнеп Баянова (53 келі), Зульфия Яхъярова (55 келі), Нилуфар Раимова (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Тыныс Дүбек (62 келі), Гауһар Мұқатай (65 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) ел намысын қорғайды.
