01.11.2023

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жеңістері

Каратэ: Мажарстан астанасы Будапештте мәресіне жеткен WKF каратэден әлем чемпионатында Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) топ жарып, спорттың осы түрінен ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы атанды. Сонымен қатар Қайсар Алпысбай (60 кг) әлем біріншілігінің – күміс, Дидар Әмірәлі қола жүлдесіне ие болды.


Грек-рим: Сұлтан Әсетұлы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Сұлтан – 23 жасқа дейінгі санатта əлем чемпионаты атанған тұңғыш қазақ палуаны. Әйелдер күресінде Алтын Шағаева (53 кг) мен Ирина Кузнецова (62 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.


Шорт-трек. Канаданың Монреаль қаласында жалауы желбіреген шорт-тректен Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының спортшылары 5 000 метрге эстафета жарысында қола жүлдегер атанды. Ел құрамасынан жарыс жолына Әділ Ғалиахметов, Мерсайд Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов, Денис Никиша шықты.


Армрестлинг: Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында Қазақстан құрамасы армрестлингтен 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте топ жарды.


Дзюдо: Камила Берліқаш Абу-Дабидегі «Grand Slam» жарысында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда португалиялық Рушель Нуньеспен күресті.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Қазақстандық футбол клубтарында 100-ден аса заңбұзушылық анықталды

Футбол 9 сағат бұрын

Қазақстандық футбол клубтарында 100-ден аса заңбұзушылық анықталды

Инвесторлар бірінші лига клубтарына да қызығушылық таныта бастады

Футбол 9 сағат бұрын

Инвесторлар бірінші лига клубтарына да қызығушылық таныта бастады

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

Футбол 9 сағат бұрын

ҚФФ тарапынан Диас Төлеудің қазасына байланысты арнайы комиссия құрылады

ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Хоккей 9 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты

Анна Данилина Қытайдағы турнирде 1/8 финалға шықты

Теннис 10 сағат бұрын

Анна Данилина Қытайдағы турнирде 1/8 финалға шықты

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды

Футбол 10 сағат бұрын

«Хан-Тәңірі» клубының футболшысы матчтан кейін өмірден озды