Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 60 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

10.03.2026

Қазақ спорты тағы бір чемпионымен қоштасты

Қазақ спорты тағы бір чемпионымен қоштасты

Қазақстандық жеңіл атлет Фархад Қыстаубаев өмірден өтті.

Қаралы хабарды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мәлімдеді.

Фархад Қыстаубаев 2022 жылы Жазғы Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадағы онсайыстан алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, ол 110 метр кедергілер арқылы жүгіруде қола жүлдегер атанған.

Аталған жарыс Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) өткен болатын. Қазақстандық спортшы онсайыс қорытындысында 5400 ұпай жинап, чемпион атанған.

Қазақстан спорт қауымдастығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан