Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

20.05.2026

Қазақстан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша өткен алғашқы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы бақ сынады.

Ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Елизавета Матвеева тіркеді. Ол биіктікке секіруде 180 см нәтижемен қола жүлдегер атанды. Осы сында тағы бір қазақстандық Надежда Дубовицкая 175 см көрсеткішпен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Үш қарғып секіруде Мария Ефремова 13,32 метр нәтижемен бесінші орынды иеленді. Ал сырықпен секіруден Полина Иванова 4,10 метр көрсеткішпен жарысты бесінші болып аяқтады.

Ұзындыққа секіруде өнер көрсеткен Анастасия Рыпакова 5,52 метр нәтижемен қорытынды хаттамада 12-орынға жайғасты.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бір қола медальмен сегізінші орын алды. Көш басында Қытай құрамасы болса, екінші орын Өзбекстанға бұйырды. Ал үздік үштікті Қатар құрамасы түйіндеді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан