4 сағат бұрын
Сидней Олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина Михаил Шайдоровқа қатысты жазба жариялады
Михаил Шайдоровқа қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан жағдайға байланысты өз пікірін Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оның айтуынша, қазіргі таңда асығыс қорытынды жасамай, жағдайды біржақты қарастырмау қажет.
«Жоғары жетістіктер спортында барлық спортшыға бірдей қолданылатын ережелер, міндеттемелер және мемлекеттік регламенттер бар. Мұндай жүйеден біз — әр буынның ұлттық құрама өкілдері — бәріміз өткенбіз.
Біз Қазақстан атынан өнер көрсеткен кезде де белгіленген талаптарды орындап, қажетті құжаттарға қол қойдық және мұның барлығы елдегі спортты дамыту мен спортшыларды даярлаудың жүйесінің бір бөлігі екенін түсіндік.
Сонымен қатар Михаилдің жетістіктері ешкім тарапынан жоққа шығарылмайды. Ол ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі және Қазақстанды халықаралық аренада лайықты танытып жүр. Дегенмен, жоғары нәтижелер спортшы, бапкерлер және мемлекеттің бірлескен еңбегі арқылы келетінін ұмытпау керек.
Сондықтан эмоцияға берілмей, жасанды қарама-қайшылық қалыптастырмауға шақырамын. Барлық мәселе конструктивті диалог пен қолданыстағы ережелер аясында шешілуі тиіс», – делінген пікірде.
Айта кетейік, қазіргі сәтте Михаил Шайдоровқа қатысты шу қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов