03.06.2026
Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының жеңіл атлеттері түрлі халықаралық турнирлерде үш жүлдеге қол жеткізді.
Елизавета Матвеева Кипрдің Лимасол қаласында өткен EKO Cyprus International Athletics Meeting турнирінде биіктікке секіруден 185 см нәтижемен күміс медаль иеленді.
Кристина Овчинникова Польшадағы Белосток қаласында өткен Mityng na Rynku жарысында 187 см нәтижемен қола жүлдегер атанды.
Ал Полина Иванова Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен World Athletics Challenger сериясы турнирінде сырықпен секіруден 4,20 метр нәтижемен екінші орын алды.
Осылайша қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық ареналарда сәтті өнер көрсетіп, үш медаль еншіледі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан