4 сағат бұрын
Қазақстандық желаяқтар Азия чемпионатында топ жарды
Фото:Qazatletic
Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден II Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді.
Аралас құрамалар арасындағы 4×400 метрлік эстафетада қазақстандық желаяқтар мәреге бірінші болып жетіп, Азия чемпионы атанды.
Ел намысын Андрей Соколов, Мария Шувалова, Эльнор Мухитдинов және Аделина Земс қорғады.
Құрамадағы ең үздік аралық нәтижені Эльнор Мухитдинов көрсетті. Ол өз кезеңін 46.14 секундта жүгіріп өтті.
Аралас 4×400 метр эстафетасының қорытындысы:
1. Қазақстан
2. Үндістан
3. Қытай
Айта кетейік, екі күнге созылатын құрлықтық додаға 9 елден 105 спортшы қатысуда. Алдағы жарыс күндерінде ерлер мен әйелдер құрамалары арасындағы 4×400 метр эстафетада жүлде сарапқа салынады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан