Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

22.06.2026

Қазақстандық жеңіл атлет FBK Games турнирінде жүлдегер атанды

Қазақстандық жеңіл атлет FBK Games турнирінде жүлдегер атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландының Хенгело қаласында өткен FBK Games халықаралық турнирінде қола медаль иеленді.

Спортшы биіктікке секіру сайысында 188 см нәтижемен үшінші орын алды. Бұл көрсеткіш оған жарыстың жүлделі үштігіне енуге мүмкіндік берді.

Ал жарыс жеңімпазы украиналық Ярослава Магучих болды. Ол 194 см биіктікті бағындырып, алтын медаль иеленді. Күміс жүлде кубалық Дакси Аделина Брисон еншісіне тиді — оның нәтижесі 191 см.

Тағы бір қазақстандық спортшы Елизавета Матвеева 176 см нәтижемен жарысты тоғызыншы орында аяқтады.

Айта кетейік, FBK Games жарысы World Athletics Continental Tour сериясының «алтын» деңгейіне кіреді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан