6 сағат бұрын
Шымкентте жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
30 маусымда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Qosanov Memorial - World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі.
Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар.
Жарыс бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және 4 эстафеталық сайыс енген.
Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов