Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

01.07.2026

Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті

Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті

Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Дәстүрлі додаға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, жеңіл атлетика ардагері Әмен Тұяқов және Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов қатысты.

Ғұсман Қосановтың құрметіне ұйымдастырылатын халықаралық турнир биыл 35-рет жалауын көтерді. World Athletics Continental Tour Bronze санатына кіретін жарысқа 11 мемлекеттен 250-ге жуық жеңіл атлет жиналды.

Жарыстың алғашқы күні спортшылар жеңіл атлетиканың бірнеше түрінен жүлделерді сарапқа салды. Ал 1 шілдеде турнирдің екінші жарыс күні өтіп, қалған бағдарламалар бойынша жеңімпаздар анықталады.

Qosanov Memorial – Қазақстандағы ең беделді халықаралық жеңіл атлетика жарыстарының бірі. Дәстүрлі турнир жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мықты спортшыларды жинап, отандық атлеттердің халықаралық деңгейде тәжірибе жинауына мүмкіндік беріп келеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан