11.07.2026
Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында үздік алтылыққа енді
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Аяна Болатбекқызы 800 метрге жүгірудің финалында өнер көрсетті.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 2:11.35 нәтижесімен бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады.
Алтын медальді Өзбекстан спортшысы Жонбиби Хукмова (2:08.41) жеңіп алды. Күміс жүлде жапониялық Куруми Сугурэге (2:09.42), ал қола үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдромға (2:10.20) бұйырды.
Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты 9-12 шілде аралығында Қытайдың Ордос қаласында өтуде.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан