12.07.2026
Максим Балабин АЧ-ның қола жүлдегері атанды
Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
Сырықпен секіру сайысында өнер көрсеткен отандасымыз 5,05 метр нәтижеге қол жеткізіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Алтын медальді Қатар өкілі Сейфелдин Абдельсалам (5,45 м) жеңіп алса, күміс жүлде Қытай спортшысы Жуй Люге (5,20 м) бұйырды.
Сондай-ақ әйелдер арасындағы 400 метрге жүгіруде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы орын алды. Ал 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы болып мәреге жетті.
Айта кетейік, жастар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты 12 шілдеде мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан