Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12.07.2026

Тоқсанбаева Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Тоқсанбаева Азия чемпионатында үздік үштікке енді

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүріс жарысында 1 сағат 41 минут 26 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Қытай өкілі Нин Цзиньлинь (1:38:24) иеленсе, күміс медаль тағы бір қытайлық спортшы Доу Маоцоға (1:39:01) бұйырды.

Бұл сында Қазақстанның тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина бесінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Ясмина Тоқсанбаеваның жүлдесі Қазақстан құрамасының жастар арасындағы Азия чемпионатындағы үшінші медалі болды. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс, ал Максим Балабин қола медаль еншілеген еді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан