Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фрайбург Фрайбург 17:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Челси Челси 18:00 Бүгін Реал Сосьедад Реал Сосьедад Премьер-Лига Футбол Жеңіс Жеңіс 18:00 Бүгін Жетісу Жетісу Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Бавария Бавария 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 19:00 Бүгін Дерби Дерби Чемпионшип Футбол Норвич Норвич 19:00 Бүгін Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 19:00 Бүгін Миллуолл Миллуолл Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Лилль Лилль Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Байер Байер Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Сандерленд Сандерленд 19:00 Бүгін Ренн Ренн Чемпионшип Футбол Сток Сток 19:00 Бүгін Суонси Суонси Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін КПР КПР Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 19:00 Бүгін Хоффенхайм Хоффенхайм Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 19:00 Бүгін Линкольн Линкольн Примейра-лига Футбол Алверка Алверка 19:30 Бүгін Эштрела Эштрела Эредивизи Футбол Виллем 2 Виллем 2 19:30 Бүгін НЕК НЕК Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Манчестер Юнайтед Манчестер Юнайтед 19:45 Бүгін Милан Милан Жолдастық кездесулер, клубтар Футбол Фулхэм Фулхэм 20:00 Бүгін Штутгарт Штутгарт Премьер-Лига Футбол Қайсар Қайсар 20:00 Бүгін Ақтөбе Ақтөбе Сегунда Футбол Андорра Андорра 20:00 Бүгін Сеута Сеута

27.07.2026

Астанада адам саудасына қарсы күрес күніне орай бұқаралық жүгіріс өтті

Астанада адам саудасына қарсы күрес күніне орай бұқаралық жүгіріс өтті

30 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай елордада «Run for Liberty» атты ауқымды бұқаралық жүгіру жарысы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Іс-шараны Астана қаласы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Адам саудасы мәселесіне қоғам назарын аудару және еркіндік, қауіпсіздік пен адам құқықтарын қорғау құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен шараға шамамен 2 мың адам қатысты. Олардың қатарында полиция қызметкерлері, кәсіби спортшылар, әуесқой жүгірушілер, еріктілер, шетелдік қонақтар, блогерлер және қала тұрғындары болды. Жүгіру жарысына Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мен Катар мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абдалла бен Хусейн Джабер де қатысты.

Іс-шараның басты ұраны – «Мен адам саудасына қарсымын!». Қатысушылар өз үлгілері арқылы адам саудасына қарсы күрес – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін көрсетті.

Жарыс басталар алдында танымал жаттықтырушы Айтым Жақыпов қатысушыларға арнайы дене қыздыру жаттығуын өткізді. Сондай-ақ іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 10 велосипед ойнатылды. Қатысушылар мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

«Бұл жүгіру жарысының негізгі мақсаты – азаматтардың адам саудасы мәселесі туралы хабардарлығын арттыру, адамды қанаудың кез келген түріне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау», – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Дулат Жұмағұлов.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, өз құқықтарын білуге және адам саудасына қатысты ықтимал фактілерге бейжай қарамауға шақырды. Сондай-ақ, аталмыш деректер белгілі болған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет екенін ескертті.


Біздің серіктес: Sport12kz