23.06.2025

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Бокстан Әлем кубогының кезеңіне қатысатын тізім қашан шығады?

Елордада 17-30 маусым аралығында ерлер құрамасының бірінші және екінші нөмірлі боксшыларының қатысуымен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлады Sports.kz

Команда қыркүйектегі әлем чемпионатының алдындағы соңғы ірі жарыстардың бірі - Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады.

World Boxing ұйымының еліміздегі алғашқы халықаралық турнирін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы 30 маусым - 6 шілде күндері аралығында қабылдамақ.

«Астана төрінде шешуші оқу-жаттығу өткізіп жатырмыз. Қазақстаннан бөлек, шетелден 80 боксшы келді. Олардың арасында 2021 жылғы әлем чемпионы Робби Гонсалес (АҚШ), 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Билаль Беннама (Франция) сынды бірқатар танымал спортшылар бар. Әлем кубогына қатысатын құрамды оқу-жаттығу жиының соңында жариялаймыз. Себебі, боксшылардың кейбіреуі жарақат алып, ендібіреуі бабында болмай қалуы мүмкін», - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.

Қазақстан құрамасы барлық 20 салмақта (ер және әйел) ең үздік боксшыларын қатыстырады. Олардың арасында Олимпиада жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары да бар.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 6 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 7 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 8 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 8 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты