05.08.2025
WBO Жәнібек Әлімханұлы туралы ерекше мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба жариялап, қазақстандық боксшыны ерекше атап өтті, деп хабарлайды sport12.kz.
— «Патша Жәнібек. Қазақстаннан шыққан ерекше талант», — деп жазды ұйымның ресми Instagram парақшасы.
Айта кетейік, Жәнібек «Kazakh Style» лақап атымен танымал. Ол WBO белбеуінен бөлек, IBF тұжырымы бойынша да орта салмақтағы әлем чемпионы атағын иеленіп отыр.
Соңғы жекпе-жегін Әлімханұлы 2024 жылдың сәуірінде Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын. Қазіргі таңда оның келесі қарсыласы белгісіз, алайда Жәнібектің күзде қайта рингке шығуы жоспарланып отыр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»