Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

07.02.2026

Махмұд Сабырхан Испаниядағы турнирде мерзімінен бұрын чемпион атанды

Махмұд Сабырхан Испаниядағы турнирде мерзімінен бұрын чемпион атанды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

55 келідегі отандасымыз алтын медаль үшін өткен айқаста ағылшын боксшысы Эллис Троубриджбен кездесті. Жекпе-жек екінші раундтың басында қарсыласының қабағы жарылып, дәрігердің жекпе-жекті жалғастыруға тыйым салуына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Нәтижесінде, атақты қазақстандық боксшы турнирдің кезекті «алтынын» жеңіп алды.

Махмұд Сабырхан - Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі әрі ең атақты спортшыларының қатарына кіреді. Оның жетістіктері қатарында 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатындағы жеңіс, 2025 жылы Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing әлем чемпионатының алтын жүлдесі және Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатындағы күміс медаль бар.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан