13 сағат бұрын
Павловтың келесі қарсыласы жарияланды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов келесі жекпе-жегін 25 сәуір күні АҚШ-тың Балтимор қаласында өткізеді.
Отандасымыздың қарсыласы америкалық Антонио Дантон-Эл болмақ. Екінші жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Бұл кездесу Евгений Павлов үшін 2023 жылдан бергі кәсіпқой рингтегі алғашқы айқас болмақ. Ол соңғы жекпе-жегін Мексиканың Гвадалахара қаласында өткізіп, жергілікті боксшы Кевин Родригес Гарсияны бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Одан кейін қазақстандық спортшы біраз уақыт әуесқой боксқа оралып, ел чемпионатында және халықаралық турнирлерде өнер көрсетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан