3 күн бұрын
Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Виктор Теміров келесі жекпе-жегінің өтетін уақытын анықтады.
Боксшы 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы венесуэлалық тәжірибелі боксшы Карлос Риверо болмақ. Орта салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған.
Бұл кездесу Теміров үшін ақпан айынан кейінгі алғашқы айқас болмақ. Сол кезде ол неміс боксшысы Доменик Арнольдты техникалық нокаутпен жеңіп, WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған еді.
Айта кетейік, Карлос Риверо бұған дейін қазақстандық боксшы Әли Ахмедовпен жұдырықтасқан. 2024 жылы Алматыда өткен кездесуде ол техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Соңғы жекпе-жегін венесуэлалық боксшы наурыз айында өткізіп, Сербияда жергілікті спортшыдан мерзімінен бұрын жеңіліс тапты. Қазіргі таңда Риверо қатарынан бірнеше жеңіліс сериясында келеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан